«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзгелердің қарызы үшін жәбір көру артта қалды

2017 жылғы 28 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
4935 просмотров

Биылғы жылдың үшінші тоқсанынан бастап ОҚО кәсіпкерлер палатасына бизнесмендер «жалған кәсіпкерлік» бабы бойынша негізсіз миллиондап салық төлеуге мәжбүр екендері жайында шағым түсіруді қойды

Оның себебі қарапайым: 2017 жылдың  13 шілдесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп, «жалған кәсіпкерлік» туралы 215-бап алынып тасталды. Осылайша экономикалық саладағы бір қатар құқықбұзушылықтар ізгілендіріліп, адал кәсіпкерлердің құқығын қорғауға бір қадам жасалды.

Айта кетелік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл сұрақты шешу үшін қыруар жұмыс атқарды. Бұл мәселе бизнес-қоғамдастықпен бірнеше жыл қатарынан көтерілген болатын. Өйткені адал бизнесмендер жалған фирмалар кесірінен зардап шегіп келді,  қыруар айыппұлдар төледі. Бір ғана 2016 жылы «Атамекенге» осы баптан жәбір көрген 150 шағым түскен болатын. Көп компаниялар «жалған кәсіпкерлік» үшін сот процесстерінен көз ашпай келген.  

 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 50 шақты кәсіпкері дабыл қақты. Олар шындық табу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасы көмегіне жүгінді. Олардың барлығы  2012-2013 жылдар аралығында «Alma Оil Еnergy» ЖШС атты алматылық компаниядан жеңілдетілген баға бойынша жанармай сатып алып отырған. Жанармай ОҚО территориясында сату мақсатында алынған-ды, ал оператор ҚР Мұнай және газ министрлігі арқылы анықталған. 

Бастапқыда бәрі қалыпты жүргізілді: компаниялар жұмыс істеді, жеткізулер орындалып отырды. Әр жеткізілім ҚР Заңнамасы нормалары және  талаптарына сәйкес рәсімделді, атқарылған жұмыс актілері, шот-фактуралар, жүкқұжаттардың барлығы болды. Алайда 2015 жылдың желтоқсанында сот Евгений Минаков құрған «Alma Оil Еnergy» ЖШС және тағы екі компанияны жалған кәсіпкерлік деп танып, директордың өзіне қылмыскер деген айып тақты. Бірақ қылмыстық жазадан кәсіпкер босатылды, 9,9 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

 Осы жерде айыптаулар легі толастаған жоқ. Сот үкімі күшіне енген соң Евгений Минаковтың үш компаниясы мен осы компаниялар жұмыс істеген басқа компанияларға да Мемлекеттік кірістер комитеті ірі көлемде салық төлемдерді жасау жайында хабарлама жіберген. Оларға мемлекеттік қазынаға барлық салық төлемдерді қоса есептегенде (ҚҚС, корпоративті салық, операциялар бойынша салық, т.б.) 2 млрд теңге сомасында айыппұлды қайта төлеу қажет делінген. Егер бұл соманы төлемеген жағдайда компаниялардың шоттарына арест қойылып, өсімпұлдар күтіп тұрды.

Бұл сомаларды кәсіпкерлер төлей алмайтыны анық. Бір өңірге жанармай жеткізуші компаняилардың жұмысын тоқтату, көлік саласында үлкен коллапс тудырып, әлеуметтік дабыл жасайтын еді.

 Бұл күрделі мәселе тез арада ОҚО Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесіне жіберілді. Талқылау қызу өтті. Мәселен, «Alma Оil Еnergy» ЖШС жалған кәсіпкерлік деп танығанда неліктен ЖШС-ның бірде бір операторы Алматыдан шақыртылмағаны күмән тудырды. Өйткені кәсіпкерлер өз құқықтарын қорғап, дәлелді дәйектерді тек сот процесінде ғана жасай алады. Алайда сотқа «Alma Оil Еnergy» байланыс жасаған 350 кәсіпорынның тек 8 ғана шақырту алған, бұл сегіз компания Е.Минаковтың компаниясымен келіспеген фирмалар болып шықты. Ал тыңдалымдарда оңтүстік компаниялар болған жоқ. Тергеу амалдары котрагенттердің жалған кәсіпкерлермен арадағы қатынасын зерттеген жоқ, жасалған операциялардың заң жүзінде дұрыс жасалғанына мән берілмеді. Жанармайды жеткізу шаралары бойынша барлық құжаттар толық, есесіне әр жеткізілім бойынша операция салық комитетімен тексеріліп отырған. Жанармай темір жолы арқылы тасымалданған. Барлығы 5 млрд 134 млн құрайтын 50 мың тонна жанармай жеткізілген. Осындай көлемдегі жанармайды заңсыз тасымалдау мүмкін емес. Контрагенттер арасында ірі ауе тасымалдаушы  «Skat» компаниясы да бар. Сонда ЖШС қалай ұшып жүрген, жұмысы жалған болса?

ОҚО кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені «Атамекен» ҰКП орталық апаратына жолдап, Бас прокуратураға жіберуді өтінді. Бизнес-омбудсмен Болат Палымбетов Бас прокуратураға ресми хат жіберді. Бас прокуратура Алматы қаласы Алмалы ауданы соты үкімін заңсыз деп тапты. Өтйкені сот шешімі заңның қылмыстық-процессуалды нормаларды бұзған, осылайша Е.Минаков ісі ақталды. Сонымен қатар осы іс бойынша үшінші тараптар, яғни адал кәсіпкерлер құқығы да бұзылған. Осылайша үкім жоққа шығарылды.

 Егер сот үкімі күшіне енген жағдайда жанармайды өткізіп, сатып алып жатқан 101 компания жауапқа тартылып, бизнеске ауыр соққы жасалар еді. Осы компаниялардің ішінде 32-сі ОҚО фирмалары.

       Контрагенттердің басына төнген Дамоклав семсері

2017 жылдың басында оңтүстікқазақстандың кәсіпкерлердің бастарына тағы бір жазалаушы семсер төнді. 2016 жылдың шілде айында ҚР Жоғары сотының «Жалған кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» жаңа нормативтік Қаулысы шыққаннан кейін жалған кәсіпкерлік тақырыбы жаңа қарқынмен және маңыздылықпен қайта көтерілді.

Салық мамандары мен прокурорлар аталған тармақтарды тәжірибеде қолданған жағдайда жұмыс көлемі қаншалықты ауқымды болатынын бірден түсінді. Нормативтік құжаттың жаңа түзетілуі адал контрагенттердің өмірін жеңілдетуі тиіс еді: егер бұрындары жалған айла-әрекетке күдіктенген кәсіпкерге қылмыстық іс қозғалып, контрагенттердің қатысуынсыз, оларға істің дұрыстығын дәлелдейдін қандайда бір айғақ келтіруге мүмкіндік берместен, сот шешімі көп күттірмей шығарылған болса, Қаулыға енгізілген өзгертулер өзін-өзі ақтауға қандайда бір мүмкіндік беруі тиіс еді. Алайда, артық қылам деп, тыртық қылудың нақ өзі болды. Анық болғандай, бұл саладағы заңнамалық реттеу бизнеске қарсы жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған екен. Бизнес үшін түйткілді болған мәселені талқылау үшін Оңстүтік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Мемлекеттік кірістер департаментінің басшылары, прокурорлар мен кәсіпкерлер бас қосты.

Жаңашылдықтың мәнін түсіну үшін қарапайым мысалмен түсіндірейік: Иванов – кір жуатын ұнтақты шығарады. Бұл ұнтақты әр уақытта жүздеген түрлі компания салып алды. Иванов жалған кәсіпкерлік күдігімен ұсталып, қылмыстық іс қозғалды делік. Міне сол уақытта Ивановпен байланысқан барлық компанияларды салық органы тексерелі. Оның үстіне күдіктімен жасалған өзара есеп айырысуды ғана емес, барлық 100 компанияның талап қою мерзімі ішіндегі соңғы бес жылдағы кәсіпкерлік қызметі түгел тексеріледі. Тексеру кезінде фирманың есептеріне тыйым салынады, ал кәсіпкерлер ақталу үшін сотқа Мемлекеттік кірістер департаментінің актілеріне шағым жаза бастайды. Осылайша олар адал екендерін, мемлекетке зиян келтірмегендерін жылдар бойы дәлелдейді, яғни кәсіпкерлер бітпейтін әрі ұзаққа созылатын соттың істі қарауына түседі. Осы аралықта олардың бизнесі тұралайды.

МКД есебі бойынша, үнемі тексреду отыру ішін елімізд, қазіргі жұмыс істеп отырған аудиторларды қоспағанда, қосымша 4 мыңнан астап салық аудитінің маманы керек. Осылайша бизнес де-фактобарлығы жаппай тексеруге ұшыраса, бақылау-қадағалау органдары де-юре шындығында мұны атқара алмайды.

Ең қызығы, бақылау-қадағалау органдарының басшылары бұл дауды ешкімнің жеңуі мүмкін емес екенін мойындады. Заңнама нормасын практикада қолдану бизнесті құлдыратады, себебі бұл жүйе бизнеске қарсы құрылған. Салық органымен соттасу қымбатқа түсетіні барлығына аян.

«Мемлекеттік кірістер департаментінің ішкі бұйрыңына сәйкес біз соңғы инстанция Жоғары Сотқа дейін мемлекеттік мүддесін өор,ау керекпіз», - деп тсүіндірді ОҚО бойынша МКД басшысының орынбасары.

Сол жиында норма шығару туралы тағы бір олқылық айтылды: Салық Кодексіне сәйкес «жалған кәсіпкердің» контрагенттеріне салықты үстеме салы үшін соттың мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңдық күшіне енуі негіз бола алады. Бірақ өзгертілген нұсқадағы сол Қаулының 1 тармағы «болмашы мәмілені жарамсыз деп танудың қажеттілігі жоқ» деп жазылған (заңдысы қалпы бойынша, ал жалғаны мазмұны бойынша).

Қылмыстық процесс пен салықтық әкімшіліктендіру арасындағы айырмашылық салық мамандары мен прокурорларды тығырыққа тіреді. Нормативтік қаулыға ұсыныс енгізгендер олардың шығарған нормалары тәжірибеде қалай жүзеге асатыны туралы білмей, мәселенің мән-жайын толық түсінбеді де.

Кәсіпкер өзін қалай қорғап, қауіпсіздікті қалай тудыру керектігі туралы сауал туындады. Қорытынды – мүмкін емес. Сот, прокуратура, салық органының өздері жаңа ережелермен тәжірибе жүзінде қалай жұмыс істеуі керектігін білмеді.

Құқық қорғау, сот пен салық жүйесінде ол уақытта бұл мәселенің негізгі ортасы қайсы екені туралы ортақ түсінік болмады. Оны шешудің нақты ұсыныстары берілді. Шешім біреу – нормативтік қаулының күшін жою. Бірақ талқылау барысында бұл да мәселені толық шешпейтіндігі анықталды. Жалған кәсіпкерлік туралы бапты қылмыс деп танымауға қол жеткізу керек еді.

Жиын қорытындысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Бас прокуратура, мемлекеттік кірістер комтеті мен үкіметке ҚР Қылмыстық кодексіндегі жалған кәсіпкерлік туралы 2015-бапты қылмыс деп танымау туралы бастама көтеруге ұсыныс берілді.

Өзге өңірлердегі палаталар да осындай істі атқарғаны анық. «Атамекен» ҰКП ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастауды барлық деңгейде де бірнеше мәрте көтерлі. Нәтижесінде бап алынып тасталды, ал адал кәсіпкеріктің тынысы ашылды.

Сөз соңында

Аталған қайшылықтар тәжірибелік тұрғыда да, теориялық тұрғыдан да айтуға тұрарлықтай. Тәжірибеде еш кінәсі жоқ адал салық төлеушілер өзгенің қателігі үшін, алаяқ кәсіпорынмен жұмыс істегені үшін жауап беруге мәжбүр болатын. Ал теориялық тұрғыда  - норма шығару кезіндегі абайсын жазылған дүние мемлекетте бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

Клара Серікбаева


Еншілес ұйымдар

Серіктестер