«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік мекеменің үнсіздігі

2016 жылғы 19 Шілде
- Шымкент қаласы
8388 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы ірі зауыттың тоқтап қалуына жол бермеді

Мемлекеттік орган тарапынан жауап келмеуі себепті қыш тақтайша шығаратын алғашқы «Зерде керамика» отандық зауытының жұмысы тоқтап қалуға шақ қалды. Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын 2015 жылдан бастап шетел мамандарын тарта бастаған, себебі зауыт италияндық өндірістің техникалық желісімен жабдықталған. Өкінішке қарай, біздің елде бұған дейін Қазақстанда бұрын-соңды қолданылмаған су жаңа шетел жабдығында жұмыс жасай алатын электр технигі, техник-сығымдаушы, техник-өңдеуші табылмады. Жергілікті кадрлар тапшылығын тартқан зауыт былтыр сырттан жұмыс күшін алдырған. Биыл үш шетелдікке жұмыс істеуге берілген рұқсат 14 шілдеде бітуі тиіс болатын.

Кәсіпорын алдын ала Шымкент қаласы Жұмыспен қамту орталығына  ішкі еңбек нарығында осындай мамандарды тауып беру туралы сұрау салған, бұған мемлекеттік орган іздеу әлі де жалғасуда деген түсініксіз жауап берді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат мерзімі аяқталуға шақ қалса да, нақты жауап берілмеді. Өндіріс қызметін меңгеріп кететін қажетті мамандардың жоқтығы кәсіпорынның тоқтауына әкеп соқтыра жаздады. «Зерде керамика» басшылығы ОҚО Кәсіпкерлер палатасына проблеманы жедел түрде шешіп беруді сұрай жүгінді.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі шара аясында Палат сарапшылары «Шымкент қаласы Жұмыспен қамту орталығы» ММ-мен келіссөздер жүргізіп, кәсіпкерге жедел түрде жауап жолдау қажеттілігін түсіндірді. 14 шілдеде мемлекеттік органнан тіркелген жұмыс іздеуші және жұмыссыз тұрғындар арасында «Зерде керамика» ЖШС талаптарына сай келетін мамандардың жоқтығы туралы жауап келді. Бұл, осылайша кәсіпорын бұдан ары да шетелдік мамандарды тартуын жалғастыра алады деген сөз. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер